Шри-Ланкада мейрамхана ашқан Әнел
Шри-Ланкада мейрамхана ашқан Әнел
Отандасымыз Әнел Шакуова бір жарым ай бұрын Үнді мұхитының жауһары әрі шай плантацияларының аралы саналатын Шри-Ланка аралына көшіп, онда мейрамхана бизнесін қолға алған. Бастапқыда кішкене бар ашуды көздеген Әнел мен күйеуі артынша мұның «қалайша мейрамханаға айналғанын өзіміз де сезбей қалдық» дейді. Аз уақыт ішінде келушілер санын арттырған Әнелдің бәсекелестері де жоқ емес. Ол ұстанымдарына берік, өзіндік ережелері бар тұрғындар мекендеген бұл аймақта кәсіп ашу оңай емес екенін айтады. Соған қарамастан, ондағы мейрамхана бизнесіне көп жаңалық әкелген Әнелге хабарласып, сұхбаттасқан едік.
– Туристер арасында «тропикалық жұмақ» деп аталатын, көркем жағажайлары мен көз тартар табиғаты бар Шри-Ланка аралында сіз секілді кәсібін дөңгелетіп отырған шетелдіктердің қарасы көп. Бәсекесі жоғары ортада клиенттер тарту қиынға соғып жатқан жоқ па? Бұған дейін мейрамхана ісін жүргізумен айналысқансыз ба?
– Мамандығым бойынша мен – суретші-дизайнермін. Бірақ өмір бойы жарнама саласында жұмыс істедім. Ірі халықаралық жарнама агенттіктерінде жұмыс тобының басшысы, креативті директор қызметтерін атқардым. Бұл саладан қазір де қол үзгенім жоқ, шағын жобаларым бар. Ал Шри-Ланка аралы туралы сөз етер болсам, бұл жерді 2009 жылы бірінші рет осында еңбек демалысына келгенде ұнатып қалдым. Сөйтіп, жыл сайын осында демалысқа келіп тұрдым. Кейін балаларыма Алматының климаты жақпай, жиі ауыратынды шығарды. Оларға көп уақыт бөлуім керек екенін түсініп, жайлы жұмысымнан шығып кеттім. Ойлана келе, күйеуім екеуіміз Шри-Ланкаға тұрақтап, сонда кәсіп ашып, бағымызды сынап көрелік деп шештік. Ол менен бұрын барып, жер учаскелерін қарап, ондағы нарықты бақылап жүрді. Мен Алматыдағы үйімізді жалға беріп, көлігімізді сатып, осыдан бір жарым ай бұрын артынан келдім. Шынымды айтсам, үйімізді жалға беріп, көлікті сатқан кезде бойымды қорқыныш билегені рас. Қазір де үрейленемін. Бірақ мен Қазақстаннан біржола кетіп қалғаным жоқ, қалаған уақытымда елге қайтып келе аламын. Тек осында қолымыздан не келетінін байқап көргім келді.– Байқамай, жасап қойса ше?
– Естуімше, ондай жағдай болса, от қойып, өртеп, тіпті есірткі «тықпалап» кетуі мүмкін. Сондықтан біз қазір сауық кешін ұйымдастыруды кейінгі ысырдық, дегенмен жоғарыда айтқанымдай, түрлі фестивальдер ұйымдастырғым келеді.
– Интернетте Цейлон шайының отаны саналатын Шри-Ланка тұрғындары ашық, алғысты жымиыс арқылы білдіреді делінген.
– Ол рас. Шри-Ланка алдымен Португалия, сосын Голландия, одан кейін Ұлыбританияның отарында болған. Колонизаторлар оған Цейлон деген атау берген. Ағылшындар шай әзірлеуді қолға алып, ақырында бұл шай экспорттау бойынша көшбасшы елге айналды. Расымен, мұндағы шай өсіретін плантациялар өте дәмді шай әзірлеп шығарады. Кейін олар тәуелсіздігін алған соң бұрынғы Шри-Ланка атауын қайтарып алады. Жергілікті халықтың бізбен ұқсастығы көп. Олар біз секілді қонақ күткенді, дүркіретіп той жасағанды жақсы көреді. Туған күннің өзін жай ғана атап өтпейді, оған ауқымды іс-шара ретінде қарайды. Бұл іске қыруар ақша жұмсайды, жетпегенін туған-туыстарынан алады. Өздерінің тұрмыс жағдайы төмен, бірақ сөйте тұра той мен туған күнді қалталылардан кем өткізбейді. Тағы бір атап өтерлігі, мұнда біздегідей бауырлар арасында ауызбірлік күшті. Бір-бірінен көмегін аямайды. Бір кісіден қалтасы жұқа жігіт шаңырақ көтергенде аралда тұратын туыстары ақша жинап, оған жер учаскесін сатып алып бергенін естіген едім. Сосын олар біздікілер секілді үнемі кешігіп жүреді. Әлі күнге дейін даяшы таппауым да сондықтан.