Белгілі жазушы Кәмел Жүністегі дүниеден өтті

Белгілі жазушы Кәмел Жүністегі дүниеден өтті

Белгілі жазушы Кәмел Жүністегі дүниеден өтті
ашық дереккөзі
Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Кәмел Жүністегі қайтыс болды деп жазды turkystan.kz. Кәмел Жүністегі 1939 жылы 27 қаңтарда Шет өңірі, Ақсу-Аюлы селосында дүниеге келген. 1960 жылы Қарағанды педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1962 жылы қазақ жастары жасырын құрған ЕСЕП-тің (Елін сүйген ерлер партиясы) ұйымдастырушысы ретінде саяси айыпталған. 1967-1984 жылдары мектепте мұғалім, 1984-1988 жылдары оқу бөлімінде, «Білім» қоғамында, 1989 жылдан 1992 жылға дейін аудандық мұражай директоры, 1992-2005 жылдары аудандық «Заман» газетінің редакторы болып қызмет атқарды. Кәмел Жүністегі «Дос көңілі», «Көне хикая», «Көксеу», «Көксеңгірдің тасында», «Соңғы Абыз», «Ұлы пайғамбар және ұрпақтары», «Шырағдан», «Қоңыр Құлжа», «Мөрші», «Арманым оттан өрілген», «Едіге», «Адам, қайда барасың?» кітаптарының, «Құба белдер» трилогиясының, «Тар заман» спектаклінің, «Шортанбай жырау» зерттеу еңбегінің авторы. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына көңіл айтамыз!