Шет елдерде қазақ-өзбек мәдениеті мен дәстүрі дәріптелмек

Шет елдерде қазақ-өзбек мәдениеті мен дәстүрі дәріптелмек

Шет елдерде қазақ-өзбек мәдениеті мен дәстүрі дәріптелмек
ашық дереккөзі
Өзбекстаннан арнайы келген «Ватандошлар» қоғамдық қорының делегациясы мен «Отандастар қоры»  өкілдері ресми кездесу өткізді деп хабарлады turkystan.kz. Екі ел қолданыстағы заңнама мен мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес бірлесе жұмыс жасауға ниетті екенін білдірді. Кездесу нәтижесінде Өзбекстан Республикасының делегациясын бастап келген, «Ватандошлар» қоғамдық қорының төрағасы Одилжон Бердимуратұлы Саттаров пен «Отандастар қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  width= Қос ұйым осы ынтымақтастық негізінде, шетелде қазақ және өзбек тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтауға және дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ шетелде тұратын отандастарымен, олар құрған қоғамдық бірлестіктермен, жеке тұлғалармен де әріптестік байланыстарды бірлесіп жолға қою және дамытуға ниетті.
«Алдағы уақытта өзбек, қазақ ұлттары арасындағы бауырластығын, достығын нығайту бойынша ортақ жобаларды жүргізуді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде әртүрлі мәдени, спорттық шаралар бар. Бұл екі елдің,  бір-бірін жақын тануына, тарихымызды, әдет-ғұрыптарымызды етене тануына алып келеді», - деді «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы.
2021 жыл құрылған «Ватандошлар» қоғамдық қорының мақсаты – шетелде тұратын Өзбек ұлтының өкілдерін тарихи Отанының төңірегінде топтастыру, олардың жүрегі мен санасында еліне деген мақтаныш сезімін ояту, ұлттық бірегейлігін сақтау, отандастар құрған қоғамдық бірлестіктерді қолдау. Түрлі салада еңбек етіп жүрген отандастарының әлеуетін Өзбекстанның дамуына тиімді бағыттау. Мақсаты ұқсас қос мекеме басшылары бұған дейін Өзбекстандағы Қазақ қоғамдық ұйымының 30  жылдық мерей тойы аясында  Ташкентте де бас қосқан болатын.  Сонымен қатар Түркі мемлекеттер ұйымы диаспора саласындағы ынтымақтастық бағытында өзара тәжірибелерімен бөлісуде.  width=