Жаңалықтар

Шет елдерде қазақ-өзбек мәдениеті мен дәстүрі дәріптелмек

ашық дереккөзі

Шет елдерде қазақ-өзбек мәдениеті мен дәстүрі дәріптелмек

Өзбекстаннан арнайы келген «Ватандошлар» қоғамдық қорының делегациясы мен «Отандастар қоры»  өкілдері ресми кездесу өткізді деп хабарлады turkystan.kz. Екі ел қолданыстағы заңнама мен мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес бірлесе жұмыс жасауға ниетті екенін білдірді. Кездесу нәтижесінде Өзбекстан Республикасының делегациясын бастап келген, «Ватандошлар» қоғамдық қорының төрағасы Одилжон Бердимуратұлы Саттаров пен «Отандастар қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.