Алматыда полицейлер кәсіпкерлерді заңсыз жауапқа тартқан

Алматыда полицейлер кәсіпкерлерді заңсыз жауапқа тартқан

Алматыда полицейлер кәсіпкерлерді заңсыз жауапқа тартқан
ашық дереккөзі
Алматы полицейлерінің кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз жауапқа тартқаны белгілі болды. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасының мобильді тобы хабарлады деп жазды turkystan.kz. Алмалы ауданының жергілікті полиция қызметкерлерінің бизнес субъектілерін заңсыз әкімшілік жауапқа тарту фактілері анықталды. Прокуратураның мәліметіне сәйкес, бірқатар кәсіпкерлер ҚР ӘҚБК-нің 505-бабы бойынша өз аумағында қар жинап, сақтағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Дегенмен Алматы қаласының аумағын абаттандыру ережесінің 88-тармағына сәйкес, аула аумақтарынан және кварталшілік өтпе жолдардан күрелген қарды, жаяу жүргіншілердің еркін жүруіне және автокөліктің қозғалысына кедергі келтірмейтін орында жинауға рұқсат етіледі. «Аталған фактілер бойынша прокуратура дереу материалдарды зерттеп, кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік материалдар бойынша прокурорлық акт келтірді», - деп хабарлады Алматы прокуратурасы.