Үш облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын жауады

Үш облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын жауады

Үш облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын жауады
ашық дереккөзі
Алматы, Жамбыл және Түркістан облысында алдағы бірнеше күнде ауа райы бұзылады деп хабарлады turkystan.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Түркістан облысының 4 ақпанда түнде және таңертең оңтүстігінде, таулы аймақтарында және тау бөктерінде, 5 ақпанда таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында және тау бөктерінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, 3 ақпанда таулы аймақтарында 15-20 м/с, 4-5 ақпанда оңтүстікте, таулы аймақтарында және тау бөктерінде 15-20 м/с. Шымкентте 4 ақпанда түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Алматы облысында 5 ақпанда жауын-шашын, облыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Таулы аймақтарында және тау бөктерінде тұман, 5 ақпанда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жамбыл облысында 5 ақпанда облыстың таулы аймақтарында және тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында және тау бөктерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында 15-20, екпіні 23-28 м/с.