Балаларды тегін үйірмемен қамтуға 1,1 млрд теңге бөлінді

Балаларды тегін үйірмемен қамтуға 1,1 млрд теңге бөлінді

Балаларды тегін үйірмемен қамтуға 1,1 млрд теңге бөлінді
ашық дереккөзі
Биыл Қарағанды облысында балалардың қосымша біліміне 1 млрд 127 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді деп хабарлады turkystan.kz. Қарағанды облысында қазіргі таңда 144 үйірме жұмыс істейді, онда 4806 бала қосымша білімді тегін алады. «Жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы бойынша балалар халық және заманауи би, хореография, кескіндеме, сурет салу, қуыршақтану, киім үлгілеу, пішу және тігу, актерлік шеберлік, сахналық сөйлеу, модельдік өнер, өлкетану үйірмелеріне қатысады, сондай-ақ экскурсовод-гид болуға, эстрадалық вокалға, халық әніне, домбыра шертуге үйренеді. Бұл толық тізім емес. Шығармашылық тапсырыс бойынша үйірмелер Қарағанды, Теміртау, Шахтинск және Саран қалаларында жұмыс істейді», – деді Қарағанды облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасынан. «Батыл жүрек» және «Умницы» қоғамдық қайырымдылық қорында мүмкіндігі шектеулі 25 бала сурет салу, көркем сурет салу және мүсіндеу сабақтарына қатысады. Биыл өңірдегі шығармашылық тапсырысты жан басына қаржыландыруға бюджеттен 1 миллиард 127 миллион теңге бөлінді. Еске салсақ, Қазақстанда мемлекеттік шығармашылық тапсырыс жобасы 2021 жылдың мамыр айында басталған болатын. Оның мақсаты – 4 пен 17 жас аралығындағы балаларды тегін үйірмелермен қамту. Жоба artsport.edu.kz порталында іске асырылады.