Қызылордалық оқушылар ертең онлайн оқиды

Қызылордалық оқушылар ертең онлайн оқиды

Қызылордалық оқушылар ертең онлайн оқиды
ашық дереккөзі
Қызылорда қаласында ауа райының қолайсыздығынан 3 ақпанда мектеп оқушылары қашықтан оқытылады деп хабарлады turkystan.kz. Соңғы күндері Қызылорда қаласында ауа-райының қолайсыздығы байқалып отыр. Осыған байланысты қалалық білім бөлімі 3 ақпанда мектеп оқушылары қашықтан оқытылатынын хабарлады.
«Қалада ауа-райының қолайсыздығы байқалып отыр. Осыған байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін білім беру ұйымдарындағы 0-11-сынып оқушылары 3 ақпанда қашықтан оқытылатынын хабарлаймыз. «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша, Қызылорда қаласында күн бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады», - деп жазылған хабарламада.