Жаңалықтар

Түркістан облысындағы су тасқыны: 150-ден аса адам эвакуацияланды

ашық дереккөзі

Түркістан облысындағы су тасқыны: 150-ден аса адам эвакуацияланды

Түркістан облысында су басқан аудандардан 154 адам эвакуацияланды. Сауран ауданында 4 эвакуациялық пункт дайындалды деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәлім етілгендей, Түркістан облысында министрліктің республикалық жедел штабы ұйымдастырылды. 300-ден астам адам, 50-ден астам техника, 25 мотопомпа суды сорып шығару және ағызу жұмыстарына жұмылдырылды. Өңірге министр Юрий Ильин ұшып шықпақ.