Жаңалықтар

«AMANAT»: халықтың талап-тілегі мен ұсынысын жинау жалғасуда

ашық дереккөзі

«AMANAT»: халықтың талап-тілегі мен ұсынысын жинау жалғасуда

«AMANAT» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде партияның сайлауалды бағдарламасына халықтың ұсыныстары мен тілектерін жинау жалғасуда.

Алматыда бүгінгі таңда қала тұрғындарынан 50-ге жуық ұсыныс-тілектеркеліп түсті. Олардың барлығы сайлауалдыбағдарламаны әзірлеу кезінде ескеріледі.

Түркістан облысында да партиялықтар тұрғындардың ұсыныстары мен тілектерін жинап жатыр. Жалпы, өңір бойынша 168 талап-тілек келіп түсті, олардың басым бөлігі әлеуметтік салаға, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты болды. Түркістан қаласындағы «Қуаныш» орталық базарында тұрғындармен кездесу өткізілді.

Айта кетейік, заңнамаға сәйкес қазіргі таңда партияның Қоғамдық қабылдаубөлмелері азаматтардан ұсыныстар мен тілектерді жинау мен талдауды ғана жүргізеді, өзге қызметтер тоқтатылды.