Су басу қаупі бар учаскелерде кезекшілік ұйымдастырылды

Су басу қаупі бар учаскелерде кезекшілік ұйымдастырылды

Су басу қаупі бар учаскелерде кезекшілік ұйымдастырылды
ашық дереккөзі
Республикалық жолдардағы су басу қаупі бар учаскелерде тәулік бойы кезекшілік және патрульдеу ұйымдастырылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
«Қабылданған іс-шаралар кешені республикалық маңызы бар автожолдарда қауіпсіз қозғалысты, сондай-ақ жасанды құрылыстардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Жергілікті гидрометеорологиялық жағдайларды ескере отырып, су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені әзірленді. Мердігер ұйымдар мен жол қызметтеріне су басу қаупін алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Өткен жылдардағы су тасқыны кезеңінің нәтижелеріне сәйкес, су басу қаупі жоғары республикалық автожолдардың учаскелері анықталды», - делінген хабарламада.
Арнайы алдын алу шараларына: - су өткізу құбырлары мен көпір асты аймақтарының арналарын қар мен мұздан тазарту; - су тасқыны қаупі бар учаскелерді күнделікті тексеру; - инертті материалдарды дайындау және т.б. жатады. 350-ден астам қауіпті учаске ерекше бақылауда. Республикалық маңызы бар автожолдар ашық, су басып, шайылып кеткен учаскелер жоқ.