Жаңалықтар

Жастарға арналған 2,5%-дық несие қашан беріледі?

ашық дереккөзі

Жастарға арналған 2,5%-дық несие қашан беріледі?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов жастарға 2,5 пайызбен несие беру наурызда басталатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Еңбек министрлігі ережені әзірледі. Бұйрық шығып, Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдармен бірлесе осы тетік бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Осы айда жергілікті атқарушы органдар мен Қаржы министрлігі несие келісіміне қол қояды. Сондықтан келесі айдан бастап беруге мүмкіндік жасалады», - деді Ақмәди Сарбасов. Айта кетсек, несие 5-7 жылға беріледі, ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды. Ақшалай қаражат 21-ден 35 жасқа дейінгі өз ісін бастағысы келетін не кәсіпкерлікпен, оның ішінде тауарлар өндірумен немесе сатумен, жұмыстарды орындаумен және қызметтер көрсетумен, жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндірумен айналысатын азаматтарға конкурстық негізде берілетін болады.