LRT құрылысы келесі жылдың соңына дейін аяқталады – Жеңіс Қасымбек

LRT құрылысы келесі жылдың соңына дейін аяқталады – Жеңіс Қасымбек

LRT құрылысы келесі жылдың соңына дейін аяқталады – Жеңіс Қасымбек
ашық дереккөзі
LRT жобасы келесі жылдың соңына дейін аяқталады. Бұл туралы «President» бағдарламасында елорда әкімі айтты деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Жеңіс Қасымбектің сөзінше, жерүсті метрополитенінің құрылысын аяқтау жұмыстары өткен жылы басталған. Енді қалған барлық шаруа келер жылдың соңында аяқталады.
«Өткен жылы Үкімет алғашқы қаржыны берді. Биыл бұл нысан құрылысы белсенді жүреді. Қазір жұмысты пысықтап, техника бойынша, осы ЛРТ-да жұмыс істейтін пойыздар бойынша аванстық төлемдер жүріп жатыр. Жоба 2023-2024 жыл ішінде жүзеге асырылып, келесі жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс деп жоспарлануда», - деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.