Елімізде он ауылға су тасқыны қаупі төніп тұр (ВИДЕО)
Елімізде он ауылға су тасқыны қаупі төніп тұр (ВИДЕО)
Абай облысындағы он ауылға су тасқыны қаупі төніп тұр. Күн жылынса, бұл елдімекендер су астында қалуы мүмкін. Себебі биыл өңірге жылдағыдан екі есе көп қар түскен деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Соның ішінде Үржар, Бородулиха, Бесқарағай аудандарын су басу қаупі жоғары. Бұл аудандарда қар қалындығы бір жарым метрге жеткен. Сонымен қатар жердің тоңы да 120 сантиметрге дейін түскен. Демек, күн жылыса, су сіңбейді.
Семейге Ертіс өзенінен қауіп бар. Егер өзен арнасынан асса, шаһардағы Түйемойнақ, Мирный, Шығыс кенттерін су басуы ықтимал. Қазір өңірдегі өзен-көлдердің арнасын бекіту жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ мұз жару жұмыстарына 52 миллион теңге бөлінген.
«Техника, адамдар дайын. Айта кетейік, біз он мотопомпа алдық. Қуаты жоғары болғандықтан, басты жұмысты сонымен жасаймыз», - деді Абай облысы ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов.
https://www.youtube.com/watch?v=bLEelff8iMM