Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионы атанды
ашық дереккөзі
Румынияда шайбалы хоккейден өткен әлем чемпионатында Қазақстанның жасөспірімдер құрама командасы бірінші орынды жеңіп алды. Олар 18 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен чемпионаттың В тобындағы екінші дивизионда бақ сынады деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан құрамасы өз тобында Болгария, Жаңа Зеландия, Бельгия, Эстония және Исландия командасымен сынға түсіп, қарсыластарының бәрін ұтты. Кейінгі ойында Исландиямен бірінші орын үшін күш сынасты. Қорытынды ойын кестесінде Қазақстан хоккейшілері 15 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Осылайша отандастарымыз екінші дивизионның А тобында сынға түсуге мүмкіндік алды.