«Науқастың омыртқасы толықтай имплантпен алмастырылды. Жұлынды қысып тұрған бөлшектер алынып, жұлын босатылды. Операциядан кейінгі жағдайы бірқалыпты тұрақты ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде», – дейді облыстық аурухана нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Думан Мырзабеков.