Өзбекстанда 3 мыңнан астам шенеунік жауапқа тартылды

Өзбекстанда 3 мыңнан астам шенеунік жауапқа тартылды

Өзбекстанда 3 мыңнан астам шенеунік жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
Өзбекстанда былтыр 3 мыңнан астам шенеунік жауапқа тартылды деп хабарлады turkystan.kz. «Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар өзгенің мүлкін иемдену және жымқыру, қызметтік бабын асыра пайдалану, алаяқтық, пара алу, лауазымдық жалғандық және сол секілді заңбұзушылықтар», - деп хабарлады Бас прокуратура. Өзбекстан Бас прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, 2022 жылы республикада 2965 қылмыстық іс тіркеліп, 3116 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Заңбұзушылықтар салдарынан мемлекет пен қоғамдық мүдделерге 1,12 трлн сом көлемінде шығын келген. Оның 847 млрд сомы ғана алдын ала тергеу барысында өндірілген.