Биыл электр энергиясының бағасы қымбаттай ма?

Биыл электр энергиясының бағасы қымбаттай ма?

Биыл электр энергиясының бағасы қымбаттай ма?
ашық дереккөзі
Елімізде электр энергиясы бағасының өсуі мүмкін бе? Бұл сұраққа Энергетика министрі Болат Ақшолақов "Jibek Joly" телеарнасына берген сұхбатында жауап берді деп хабарлады turkystan.kz. «Қазір тарифтер мәселесін көтеріп жатқан жоқ. Бұған дейін «Тарифті инвестицияға алмастыру» бағдарламасы туралы айтқан болатынмын. Аталған бағдарлама іске қосылған күннің өзінде бір күнде тарифтерге әсер етпейді. Жаңа жылу-жарық электр орталықтарын салу жоспарлануда, олар іске қосылғаннан кейін тарифтерді қайта қарастыруға болады. Бірақ біз бағаны өсіруді жоспарлап жатқан жоқпыз», – деді Болат Ақшолақов сұхбатта.