Сенбі, 25 Наурыз, 2023

Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Мөлдір Әбдуәлиева Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі-баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz министрлікке сілтеме жасап.

Ол бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметін басқарды.

2015 жылдың мамыр айынан 2018 жылғы мамырға дейін «Еуразия» бірінші республикалық телеарнасының продюсері болып жұмыс істеді.

2018 жылдың мамырынан 2021 жылдың мамырына дейін «Atameken Business» республикалық телеарнасының тілшісі және жүргізушісі болып қызмет атқарды.

1994 жылы Астана қаласында (Ақмола) дүниеге келген. Қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерін меңгерген.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button