Самбо: Кәдірбек Ёлка Моңғолия чемпионатында қола жүлде алды

Самбо: Кәдірбек Ёлка Моңғолия чемпионатында қола жүлде алды

Самбо: Кәдірбек Ёлка Моңғолия чемпионатында қола жүлде алды
ашық дереккөзі
Есімі ерекше қазақ дзюдошы Кәдірбек Ёлка самбодан Моңғолия чемпионатында жүлдегер атанды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы спорт журналисі Анық Көкенайұлы Facebook-тегі парақшасында жазды. Моңғолияның Булган аймағында өтіп жатқан жарыста 64 кг салмақта Кәдірбек Ёлка қола жүлдеге ие болды.
Бұл Ёлканың самбодан ересектер арасында ішкі біріншілікте алған алғашқы жүлдесі. Самбо күресі Моңғолияда дамып кеткенін ескерсек, Ёлканың өзгелерден суырылып шығып, жеңіс тұғырында тұруының өзі үлкен жетістік. Өткен айда дзюдодан Моңғолия чемпионатында қола медаль алған болатын. Бір айдын ішінде самбо және дзюдодан тамаша жетістікке жетіп отыр, - деп жазды А. Көкенайұлы.
Айта кетейік, бұған дейін Кәдірбек Ёлка самбодан жасөспірімдер арасында Моңғолия чемпионы, Азия балалар ойындарының қола жүлдегері, жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері және жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ ол Дархан-уул аймағының 2016 жылғы «үздік самбошы баласы» және самбодан Моңғолияның спорт шебері.  width=