Сәрсенбі, 22 Наурыз, 2023

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар тізімі таныстырылды

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Іс-шараны филиал төрағасы Бахадыр Нарымбетов кіріспе сөзімен ашты.

Жиында күн тәртібіне сәйкес «AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының жобасы бекітілді. Партиялық тізім және бірмандаттық сайлау округтері бойынша сайланатын Шымкент қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тізімі таныстырылды.

Конференция жұмысына партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Айта кетсек, Шымкент қаласында «AMANAT» партиясының 30 мыңға жуық мүшесі бар.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button