ШҚО-да былтыр жоғалған әйелдің денесі үй ауласынан табылды

ШҚО-да былтыр жоғалған әйелдің денесі үй ауласынан табылды

ШҚО-да былтыр жоғалған әйелдің денесі үй ауласынан табылды
ашық дереккөзі
ШҚО полицейлері кісі өліміне қатысты өткен жылы жасалған қылмыстың бетін ашты деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері бұрын хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген Ұлан ауданы тұрғынының қайтыс болғанын анықтады.
«2022 жылдың 16 тамызында жергілікті тұрғын Үлбі полиция бөлімінің кезекші бөліміне 47 жастағы әпкесі үйден шығып кетіп, оралмағаны туралы хабарлаған. Полицейлер оның Ұлан ауданында тұрып, жұмыс істегенін және үш баланың анасы екенін анықтаған», - делінген хабарламада.
Полицейлер аталған деректі тіркеп, дереу жоғалған адамды іздеуге кіріскен. Барлық полиция бөлімшелеріне жоғалған тұлғаның белгілерімен бағдарлар жолданды. 3 қаңтарда Ұлан АПБ-ға жеке үйдің ауласында әйел адамның сөмкесі табылғаны және ішінде жоғалған әйелдің жеке куәлігі бар деген ақпарат түскен. Полиция қызметкерлері аймақты қарап, қазу барысында іздеуде жүрген, зорлықпен өлтірілген әйел адамның мәйітін тапқан. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Ұлан ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстады.
«Ол мойындау көрсетпелерін берді. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адамға қатысты сот күзетпен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген хабарламада.
Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.