Жаңалықтар

Иранда қоғамдық орында билеген қыз бен жігіт 10 жылға сотталды

ашық дереккөзі

Иранда қоғамдық орында билеген қыз бен жігіт 10 жылға сотталды

21 жастағы қалыңдық пен 22 жастағы күйеу жігіт Тегерандағы Азади мұнарасының жанында билеп, видеосын әлеуметтік желіде жариялағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлады turkystan.kz. BBC мәліметінше, Астиаж Хагиги мен Амир Мохаммад Ахмади «Азғындық пен қоғамдық жезөкшелікті насихаттағаны» және «ұлттық қауіпсіздікті бұзу мақсатында жиын өткізгені» үшін айыпты деп танылды. Олардың видеосы Instagram желісінде миллион қаралым жинап үлгерді. Айта кетейік, Хакики мен Ахмади – елдегі танымал блогерлер, олардың парақшасына көп адам жазылған.