Жаңалықтар

Мектептерде оқу жылы қайтадан қысқара ма?

ашық дереккөзі

Мектептерде оқу жылы қайтадан қысқара ма?

Мектеп оқушылары үшін оқу жылын қысқарту мәселесі қаралып жатқан жоқ. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. «Оқу жылын қысқарту мәселесі қаралып жатқан жоқ. Жыл басында ата-аналар мен балаларға оқу жылы 36 аптаға созылатынын хабарладық. Оқу жоспарлары мен бағдарламалары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар мемлекеттік білім беру стандарты мен білім беру бағдарламаларының талаптарын орындау үшін жасалған. Сондықтан бұл мәселені қайта көтерудің қажеті жоқ. Былтыр оқу жылы 1 қыркүйекте басталды, биыл 31 мамырда аяқталады, яғни, 31 мамыр – соңғы оқу күні. Балалар жазғы демалыста үш ай, яғни 90 күн демалады. Биыл каникулдың бірінші күні Халықаралық балаларды қорғау күніне сәйкес келеді. Бұл біздің балаларымыздың мерекелік көңіл күйін көтере түседі», – деді ол. Осылайша, мектеп оқушылары 1 маусымнан бастап жазғы каникулға шығады.