Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Синоптиктер 1 ақпанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Синоптиктердің болжамынша, 1 ақпанда Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі деп күтілуде. Сондай-ақ Ақтөбе облысының шығысында да тұман күтіледі. Облыста шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, оның екпіні 18 м/с-ке дейін жетуі ықтимал. Сол сияқты Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстарында 1-3 ақпан аралығында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі қатты жауын-шашын жауады деп күтілуде. Бұдан бөлек, температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағынының қалыптасуы, мұздық құбылыстарының әлсіреуі және өзендерде су деңгейі көтерілуі күтіледі.