Әділбек Ниязымбетов – Қазақстан құрамасының жаңа капитаны

Әділбек Ниязымбетов – Қазақстан құрамасының жаңа капитаны

Әділбек Ниязымбетов – Қазақстан құрамасының жаңа капитаны
ашық дереккөзі
Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік алқасы Мырзағали Айтжановтың жетекшілігімен кеңес өткізіп, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовті жаңа капитан ету жөнінде шешімге келді. Бұл туралы sports.kz хабарлады. Осыған дейін бұл міндетті Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов атқарып келген. Ол 12 қаңтар күні кәсіпқой боксқа ауысқандығын ресми түрде хабарлаған болатын. Айта кетейік, Қазақстан боксының тарихында Әділбектің алар орны ерекше. Олимпиада жүлделерінен бөлек Азия ойындарының, Азия чемпионатының жеңімпазы атанса, әлем біріншілігінің финалына бірнеше рет қатысқан.