Дүйсенбі, 27 Наурыз, 2023

Елордада жылу, су, мектеп, балабақша тапшылығы бар – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы басталды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Жалпы, елорданың даму барысы жаман емес. Былтыр әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өсті. Ел өмірінде елордамыздың орны ерекше. Оған қойылатын талап та жоғары. Бұл – тек экономикаға байланысты емес, архитектуралық, урбанистикалық, рухани және әлеуметтік салаға қатысы бар мәселе. Қазір шаһарда жылу, су, мектеп, балабақша және аурухана тапшылығы бар. Біраз жерде интернеттің сапасы нашар. Мұны ашық айтуымыз керек. Яғни, өзекті мәселе аз емес. Астана – үлкен қала, көшіп келіп, тұрып жатқан азаматтар көп. Сол себепті, әлеуметтік инфрақұрылымға ауыртпалық түседі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button