Елімізде мүгедектігі бар балаларға қандай қолдау көрсетіліп жатыр?

Елімізде мүгедектігі бар балаларға қандай қолдау көрсетіліп жатыр?

Елімізде мүгедектігі бар балаларға қандай қолдау көрсетіліп жатыр?
ашық дереккөзі
Астанада мүгедектігі бар балалар мен жастардың дене шынықтыру және спортпен айналысуына жағдай жасау мәселесі талқыланды деп хабарлады turkystan.kz. «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бірлестігі 2017 жылдан бастап балаларды спортқа бейімдеу бойынша жұмыс істеп келеді. «AMANAT» партиясының жанындағы «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандарға 15 жылдан астам уақыт қолдау көрсетуде. Қазіргі уақытта бірлестіктің 22 филиалы Қазақстан өңірлерінде жұмыс істеп жатыр. Ең алғаш филиал Павлодар облысында ашылған. «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бірлестігінің  директоры Нұргүл Ұлжекова жалпы мұндай ізгі іспен айналысуға қалай келгенін айтып өтті. Оның айтуынша, қазір орталық спорттың 11 түрі бойынша ерекше балаларды шынықтырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың спортқа қызығушылығы артқан кезде олар сау балалармен тең дәрежеде өз мүмкіндіктерін сынай алады. Іс-шара барысында мүгедектігі бар балалар каратэ бойынша «ақ белдіктен» «қоңыр белдікке» өтті. Атап айтқанда, Астана қаласы бойынша Кекушин Будокай каратэ федерациясының жетекшісі Нұрсұлтан Әлиақбаров балаларға «қоңыр белдікті» тақты.  width=