Инсультпен ауыратын жаңа туған нәрестеге операция жасалды

Инсультпен ауыратын жаңа туған нәрестеге операция жасалды

Инсультпен ауыратын жаңа туған нәрестеге операция жасалды
ашық дереккөзі
Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері 39 күн бұрын дүниеге келген нәрестені аман алып қалды деп хабарлады turkystan.kz. 2022 жылдың желтоқсанында туған нәресте 13 қаңтарда балалар ауруханасының реанимация бөліміне өте ауыр жағдайда жеткізілді. Баланы толық зерттеп-қараған дәрігерлер «цереброваскулярлық жүйенің бұзылуы» деген диагноз қойған.
«13 қаңтарда нәресте «цереброваскулярлық жүйенің бұзылуы» деген диагнозбен ауруханаға түсті. Дәрігерлер нәрестеден жедел субдуралдық гематома, сол жақ мидың ісінуі, инсультты анықтады. Шешім дереу қабылданып, шұғыл операция жасалды. 1 сағатқа созылған операция сәтті өтті», - деді балалар нейрохирургі Ербол Кенжебалов.
Бала жасанды өкпе желдеткішіне қосылып, оған қан мен плазма енгізілді, емделді және тәулік бойы бақыланды. Жағдай тұрақтанғаннан кейін бала палатаға орналастырылды. Жаңа туған нәресте анасымен бірге травматология бөлімінде емделуді жалғастырды. Жалпы, жағдайды тұрақтандырғаннан кейін дәрігерлер баланы үйіне шығарды. Бүгінгі күні ол дәрігерінің бақылауында.