Атырауда 100-ге жуық жылу батареясын ұрлаған күдіктілер ұсталды

Атырауда 100-ге жуық жылу батареясын ұрлаған күдіктілер ұсталды

Атырауда 100-ге жуық жылу батареясын ұрлаған күдіктілер ұсталды
ашық дереккөзі
Атырауда 100-ге жуық жылу батареясын ұрлаған күдіктілер ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Қала тұрғыны Атырау қалалық полиция бөлімшесіне  хабарласып, қоймасынан өзіне тиесілі 87 дана жылу батареясы, 15 қорап ішіне оралған 10 дана газ есептегіші мен 20 дана болатын су есептегіші ұрланғаны туралы шағымданған. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынның жалпы құны - 5 325 000 теңге. Қазіргі таңда 1992, 2001 және 2003 жылы туған күдіктілер анықталып, ұсталды. Және, аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.