Қазақстанда тұңғыш рет жабық кешендегі Азия чемпионаты өтеді

10-12 ақпан аралығында Астана қаласында жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Х Азия чемпионаты өтеді деп хабарлады turkystan.kz.
Ауқымды іс-шараға 500-ден астам спортшы қатысады. Жарыс – Азия жеңіл атлетика қауымдастығы күнтізбесіндегі ең маңызды жеңіл атлетикалық шаралардың бірі.
Айта кетейік, жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Азия чемпионаты ТМД елдері аумағында алғаш рет өткізілуде. Жарысқа 31-ден астам елден келген спортшылар қатысады деген жоспар бар. Байрақты бәсекеде спортшылар жүгіру, лақтыру, секіру және көпсайыс секілді 26 спорт түрінен сынға түседі.
Жарыстың ашылу салтанатына Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті Дахлан Әл-Хамад, Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, Азия жеңіл атлетика қауымдастығының кеңес мүшелері, Азия елдері федерацияларының басшылары, сондай-ақ еңбек сіңірген спортшылар мен қазақстандық спорт қайраткерлері қатысады.
Чемпионға арналған пәтер!
Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!