66 заң актісіне өзгерту енгізіледі – министр

66 заң актісіне өзгерту енгізіледі – министр

66 заң актісіне өзгерту енгізіледі – министр
ашық дереккөзі
Бизнеске қойылатын басы артық талаптарды жою үшін 66 заң актісіне өзгерту енгізіледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Заңдар бойынша айтсақ, өзгерістерді талап ететін шамамен 66 заң актісі анықталды. Жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін өткен жылы үйреншікті әрі тексерілген тәсіл ұсынылды. Аталған тәсіл бойынша реттеудің әрбір саласындағы жұмыс топтары түзетулер әзірлеп, Ұлттық экономика министрлігіне жинақтауға жолдайды. Қазіргі таңда министрлік бірыңғай пулды қалыптастыру үшін 15 сала бойынша түзетулер жинақтап алды, 17 сала бойынша түзетулер әлі күтіліп отыр», - деді Ұлттық экономика министрі.
Министрдің айтуына қарағанда, түзетулердің бірыңғай пулы әзірленіп, мақұлданғанан кейін бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізіледі.
«Осыған байланысты мемлекеттік органдарға жұмыс тобының мүшелерімен кодекстерге/заңдарға өз түзетулерін жедел пысықтауды тапсыруды және оларды жинақтау үшін бiр аптаның iшiнде Ұлттық экономика министрлігіне ұсынуды, сондай-ақ құзыреті бойынша заңға тәуелді актілерге түзетулер енгізуді қамтамасыз етуді сұраймын», - деді ол.