Пәкістан мешітінде жарылыс болып, 59 адам қаза тапты

Пәкістан мешітінде жарылыс болып, 59 адам қаза тапты

Пәкістан мешітінде жарылыс болып, 59 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте болған жарылыстан кемінде 59 адам қаза тауып, 150-ден астамы жараланды деп хабарлады turkystan.kz ВВС-ге сілтеме жасап. Жарылыс түскі намаз кезінде болған, ғимараттың бір бөлігі қирап, көп адам үйінді астында қалып қойған. Жарылыстың себебі анықталып жатыр. Билік намазға қатысушылар арасында полиция қызметкерлері көп болғандықтан, бұл алдын ала жоспарланған мақсатты іс болуы мүмкін дейді. Қауіпсіздік қызметі өкілдерінің айтуынша, намаз оқып жатқандардың алдыңғы қатарында тұрған жанкешті өзін-өзі жарып жіберген. Әзірге шабуылды ешбір топ өз мойнына алған жоқ. Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф жарылыс жасағандарды айыптап, олардың исламға еш қатысы жоқ екенін айтты.