Алматыда көлікте 2 адам тірідей жанып кетті

Алматыда көлікте 2 адам тірідей жанып кетті

Алматыда көлікте 2 адам тірідей жанып кетті
ашық дереккөзі

Алматы облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, 30 қаңтарда Алматы - Өскемен тасжолының 54 шақырымында Mercedes-Benz және Ford көліктері соқтығысқан.

«Ford автокөлігіндегі өрттен жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады», – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша Қонаев қаласы ПБ-да ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.