ҰБТ-да калькулятор пайдалануға бола ма?

ҰБТ-да калькулятор пайдалануға бола ма?

ҰБТ-да калькулятор пайдалануға бола ма?
ашық дереккөзі
Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ кезінде сақталуға тиіс ережелерді түсіндірді деп хабарлады turkystan.kz.
«ҰБТ-ға өзіңізбен бірге калькулятор алып кірудің қажеті жоқ. Бұл әрекет ереже бұзу фактісі болып саналады. Қаңтар, наурыз, тамыз айларындағы ҰБТ мен негізгі ҰБТ-да (мамыр-маусым) калькулятор тестілеу компьютерінде болады. Айта кетейік, сіздер калькулятордан бөлек компьютер экранынан Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесін, Бекетов тізбегін таба аласыз», – делінген орталық хабарламасында.
Еске сала кетейік, Қазақстанда биылғы ҰБТ тапсыру науқаны басталып кетті. Қаңтар айындағы ұлттық бірыңғай тестілеуде 57 мың адам тест тапсырды.