Елдос Сметов көш бастады

Елдос Сметов көш бастады

Елдос Сметов көш бастады
ашық дереккөзі
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) дзюдошылар рейтингін жаңартты. Жаңартылған тізім бойынша, 60 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Елдос Сметов 1852 ұпаймен көш бастап тұр. Елдостан кейінгі екінші орында 1772 ұпаймен өзбекстандық дзюдошы Диорбек Урозбоев тұр, ал Сафаров Орхан (Әзербайжан) 1772 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. Моңғолиялық спортшы Дашдаваа Амартувшин 1716 ұпаймен төртінші, оңтүстіккореялық Ким Вон Жин 1690 ұпаймен бесінші орынды місе тұтты. Үздік ондықты Ресей, Жапония, Өзбекстан, Моңғолия және Бразилия дзюдошылары түйіндеді. Елдос Сметов 1992 жылы 9 қыркүйекте Таразда дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған дзюдошы 2010 жылы  жастар арасындағы әлем чемпионы, 2013 жылы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2015 жылы әлем чемпионы болды. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына күміс жүлде салды.