Синоптиктер 6 өңірде ескерту жариялады

Синоптиктер 6 өңірде ескерту жариялады

Синоптиктер 6 өңірде ескерту жариялады
ашық дереккөзі

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

31 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігі мен батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с құрайды. 2-3 ақпанда Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Сондай-ақ тұман, көктайғақ болжанады. 3 ақпанда желдің екпіні 23-28  м/с жетуі ықтимал. 1-3 ақпанда күндіз ауа температурасы 5-10 градус жылыға, облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 0-5 градус аязға дейін көтеріледі. 31 қаңтарда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с жетеді. 1 ақпанда оңтүстікте, шығыста, таулы аудандарда жауын-шашын болады. 2-3 ақпанда облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз 3 ақпанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Өңірдің таулы аудандарын тұман басады. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 9-14 м/с құрайды. Екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал. Алакөл көлдері аумағында желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі мүмкін. 2-3 ақпанда күндіз ауа температурасы 2-7 градус жылыға дейін көтеріледі. 31 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігі мен батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда тұман болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с құрайды. 31 қаңтарда Шымкент қаласында түнде тұман күтіледі. 31 қаңтарда Қызылорда облысының оңтүстігінде тұманды болады. 31 қаңтарда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман болжанады. 1-3 ақпанда Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауып, температуралық фон жоғарылайды. Осыған байланысты қар жылдам еріп, еріген қар суы қалыптасады, беткейлерден су ағып, өзен-көлдерде мұз әлсірейді, су деңгейі көтеріледі деп күтіледі.