Жаңалықтар

Бигелді Ғабдуллинге үкім шықты

ашық дереккөзі

Бигелді Ғабдуллинге үкім шықты

Сот Ғабдуллинге 5 жылға бас бостандығын шектеу үкімін шығарды. Мүлкі тәркіленбейді. Сонымен қатар ол сот залынан босап шықты. Кеше Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында прокурор Әлібек Айтжанов «CentralAsiaMonitor» басылымының бас редакторы және «Radiotochka.kz» директоры Бигелді Ғабдуллиннің өз кінәсін мойындағандықтан бостандыққа шығаруды ұсынған болатын.  «Осыған байланысты бес жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасын белгілеуді сұраймын. Осы уақыттың ішінде оған арнайы органның рұқсатынсыз тұрақты мекен-жайды өзгертуге, шетелге шығуға, басқа жерлерге баруға, сондай-ақ бұқаралық шараларға қатысуға болмайды. Қамауға ұстау шарасын өзгертіп, сот залынан босатуды сұраймын»,- деді прокурор Әлібек Айтжанов.   Айта кетейік, бұған дейін өткен отырыста Бигелді Ғабдуллиннің мүлкі жарияланған болатын. CentralAsiaMonitor-дың бас редакторы әрі Radiotochka.kz директоры Бигелді Ғабдуллин Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының санкциясымен  тұтқынға алынған. Ол «Central Asia Monitor» және «Radiotochka.kz» бұқаралық ақпарат құралдарының пайдасына бюджеттік қаржыны алу үшін бопсалау әрекетіне барды деп айыпталған. Ол бостандыққа шықөын үшінҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдірді. «Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ризашылығымды білдіргім келеді. Әбішұлының шешуші сөзінің арқасында мен бостандыққа шығып отырмын. Қазақ әдебиетінің майталмандары Әдбіжәміл Нұрпейісов, Олжас Сүлейменов, Асанәлі Әшімов, Дулат Исабеков, Смағұл Елубаевтар қол қойған үндеуді қаперге алғаны үшін алғысым шексіз. Ең алдымен өзімнің достарыма, Астана қалалық мәслихатындағы әріптестерімізге ризашылығымды білдіремін. Қиын сәтте мені тастап кетпей, тек материалдық жағынан ғана емес, сонымен бірге моральдық тұрғыда қолдау көрсеткен барлық адамдарға ризамын», - деді Бигелді Ғабдуллин сот залынан босап шыққаннан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. Еске сала кетсек, кеше Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында прокурор Әлібек Айтжанов «CentralAsiaMonitor» басылымының бас редакторы және «Radiotochka.kz» директоры Бигелді Ғабдуллинді өз кінәсін мойындағандықтан бостандыққа шығаруды ұсынған болатын. Бүгін сот  Ғабдуллинге 5 жылға бас бостандығын шектеу үкімін шығарды. Мүлкі тәркіленбейді. «Осыған байланысты бес жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасын белгілеуді сұраймын. Осы уақыттың ішінде оған арнайы органның рұқсатынсыз тұрақты мекен-жайды өзгертуге, шетелге шығуға, басқа жерлерге баруға, сондай-ақ бұқаралық шараларға қатысуға болмайды. Қамауға ұстау шарасын өзгертіп, сот залынан босатуды сұраймын»,- деді прокурор Әлібек Айтжанов. Айт кетейік, бұған дейін өткен отырыста Бигелді Ғабдуллиннің мүлкі жарияланған болатын. CentralAsiaMonitor-дың бас редакторы әрі Radiotochka.kz директоры Бигелді Ғабдуллин Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының санкциясымен  тұтқынға алынған. Ол «Central Asia Monitor» және «Radiotochka.kz» бұқаралық ақпарат құралдарының пайдасына бюджеттік қаржыны алу үшін бопсалау әрекетіне барды деп айыпталған.