Маңғыстауда екі ер адам көмірқышқыл газынан уланып қалды

Маңғыстауда екі ер адам көмірқышқыл газынан уланып қалды

Маңғыстауда екі ер адам көмірқышқыл газынан уланып қалды
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысында екі ер адам көлікте ұйықтап кетіп, салдарынан біреуі қаза болды деп хабарлады turkystan.kz. Mangystaumedia.kz сайтының мәліметінше, 28 қаңтарда сағат 14:10 шамасында Бекі ауылында ер адам өз көлігінде отырып, көмірқышқыл газымен уланған.
«Ер адамның денесі зорлық-зомбылық белгілерінсіз Toyota Prado маркалы көліктен табылды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді. Ақпаратқа сүйенсек, 38 және 40 жастағы екі ер адам көлікте ұйықтап қалған. Қайғылы оқиға салдарынан олардың бірі көз жұмды, ал екіншісі аудандық ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Бұл дерек Маңғыстау аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
«Екінші дерек бойынша ҚР ҚК 114-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеуді Ақтау қаласының Полиция басқармасы жүргізеді», - делінген Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының дәрігерлері 1984 жылы туған ер адамның жағдайы туралы ақпарат берді.
«Науқас әлі есін жиған жоқ, жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр, ӨЖЖ құрылығысына қосылған», - деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.