Шымкентте 5 жасар бала бассейнге батып кетті

Шымкентте 5 жасар бала бассейнге батып кетті

Шымкентте 5 жасар бала бассейнге батып кетті
ашық дереккөзі
Шымкент қаласында 2018 жылы туған бала бассейндегі суға батып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үлкендер баланы қараусыз қалдырған.
«Оқиға Тұран ауданындағы 8-шағынауданда Үркімбаев көшесінің бойында, KASIET фитнес-клубында болған. Анықталғандай, балалар бассейнінде (тереңдігі 1 метр 20 сантиметр, ені 5 метр) шомылу кезінде ересектердің қарауынсыз қалған бала суға батып кеткен», - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.