Шетелдік көліктердің қаншасы қазақстандық нөмір алды?

Шетелдік көліктердің қаншасы қазақстандық нөмір алды?

Шетелдік көліктердің қаншасы қазақстандық нөмір алды?
ашық дереккөзі
Қазақстанда шетелден әкелінген көліктерді тіркеу жалғасып жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
«Елімізге өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасып жатыр. Бүгінде 28 мың қазақстандықтың өтініші мақұлданды. 5,5 мың автокөлік иесі заңдастыру процесінен өтіп, мемлекеттік нөмір алды. Шетелдік көлік иелері ХҚКО, электронды үкімет порталы және Halyk Homebank қосымшасы арқылы заңдастыру өтінімін бере алады», – деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Айта кетейік, шетелдік автокөліктерді заңдастыру биыл 1 шілдеге дейін жалғасады.