Рыбакина Қазақстан тарихында алғаш рет әлемнің 10-ракеткасы атанды
                        
                                    
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Осы тізімде Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының финалына жеткеннен кейін 25-орыннан бірден 10-орынға шықты. Ол алғаш рет Қазақстанның спорт тарихында үздік ондыққа кірді.
Бұған дейін Қазақстан теннисшілерінен ешкім ондыққа кіріп көрген емес.
Жұптық сында Анна Данилина 24-орында тұр.
Қазақстандық теннисшілердің 30 қаңтардағы көрсеткіші мынадай:
 	- 10 (+15). Елена Рыбакина – 2815;
 
 	- 44 (+3). Юлия Путинцева – 1114;
 
 	- 449 (+34). Жібек Құламбаева – 102;
 
 	- 506 (+79). Гөзал Айнитдинова – 82;
 
 	- 543 (-73). Анна Данилина – 70;
 
 	- 1182 (0). Аружан Сағындықова – 7.