Жаңалықтар

19 жастағы сарбаздың өліміне қатысты тың дерек шықты

ашық дереккөзі

19 жастағы сарбаздың өліміне қатысты тың дерек шықты

Былтыр 9 тамыз күні Алматыдағы «Ұлттық ұланның» 5571 әскери бөлімнің 19 жастағы сарбазы Алмас Шахимовтың өліміне қатысты мәліметтер табылды. Сарбаз әскерде жүрген кезінде офицеріне өзінің атынан несие алғаны белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz Айқынға сілтеме жасап. Бұған дейін әскерилер сарбаз Алмас Шахимов полигонда құмды дауылдың салдарынан қаза тапқан деген болатын. Бірақ, медициналық тексеріс нәтижесінде, марқұм сарбаздың денесінен 3 пышақ және 23 дене жарақаты анықталған. «Ұлттық ұланның» сарбазы, 19 жастағы Алмас Шахимов Отан алдындағы борышын Алматыда  төрт-ақ ай өтейді. 4 айдан кейін үйіне суыт хабар келеді. Алмас Шахимов әскер қатарында жүрген кезінде офицері Алмастың атынан несие алады», – деді «Koremiz» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Руслан Өтепбай.