Қазақстан құрамасы хоккейден Жаңа Зеландияны ірі есеппен жеңді

29 қаңтар, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Қазақстан құрамасы хоккейден Жаңа Зеландияны ірі есеппен жеңді Қазақстан құрамасы Софияда шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатында ІІ дивизионның В тобында Жаңа Зеландия құрамасын ұтты деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Қазақстандықтар қарсыластар қақпасына жеті гол соғып, біреу ғана өткізіп алды. Жеңімпаздар арасында София Зубкова покер авторы атанды, Мадианна Нүсіпова өз есебіне дубль жазды. Екі турдан кейін 6 ұпаймен Қазақстан құрамасы турнирлік кестені жалғыз өзі бастап келеді. 29 қаңтарда Мария Федоренконың шәкірттері Бельгиямен ойнайды.