Жаңалықтар

2 жасар баласын үшінші қабаттан құлатып алған әйелге айыппұл салынды

ашық дереккөзі

2 жасар баласын үшінші қабаттан құлатып алған әйелге айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 2 жасар баласын үшінші қабаттан құлатып алған әйелге айыппұл салынды деп хабарлады turkystan.kz ШҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап. «Баласымен қонақта болған 20 жастағы қала тұрғыны өз үйіне қайтпақ болғанда пәтер есігі кілттеліп тұрған. Сол кезде мас әйел баласымен бірге балкон арқылы сыртқа шықпақ болғанда бала қарға құлап кеткен. Бірден ауруханаға жеткізілген бала ауыр жарақат алмағаны белгілі болды», - делінген ақпаратта. Сонда да полицейлер жауапсыздық танытқан әйелге айыппұл салды. Енді ол ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес 30 630 теңге төлеуге міндеттелді. Бұдан бөлек, әйел адамды ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралмақ.