Жаңалықтар

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ашық дереккөзі

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

29 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында 29 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады.

29 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

29 қаңтарда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

29 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі.