Түркіменстанда шағын кәсіп ашу одан сайын қымбаттады

Түркіменстанда шағын кәсіп ашу одан сайын қымбаттады

Түркіменстанда шағын кәсіп ашу одан сайын қымбаттады
ашық дереккөзі
2017 жылдан бастап Түркіменстанда шағын және орта кәсіп ашуға қажетті лицензия қымбаттады. Атап айтқанда, патент үшін мемлекеттік баж салығы шамамен төрт есеге, ал семинарларға міндетті патент екі есеге қымбаттады.
Енді түркімен кәсіпкерлері Түркіменстанның кәсіпкерлер одағы ұйымдастыратын екі апталық міндетті семинарға қатысу үшін 320 манат (91 доллар) төлеуі тиіс. Одан соң жергілікті салық органдарына тағы 720 манат (205 доллар) баж салығын кәсіпкерлік қызметке патент алу үшін төлеу керек. Еске салайық, 2015 жылы енгізілген талап бойынша, шағын және орта кәсіпкерлікке қажетті патент құны 180 манат, ал міндетті семинар - 160 манат тұратын. Кәсіпкерлер одағының хабарлауынша, міндетті семинар өтпегендер болашақта салық органдары, кеден және банктерде қиыншылықтарға тап болуы мүмкін. Мемлекеттік баж салығы мен міндетті семинардан бөлек, түркімен кәсіпкерлері патент алған соң Кәсіпкерлер одағына 1600 манат (457 доллар) алым төлеуі керек. Бұған қоса олар одақтың “Rysgal” газетіне жазылуы тиіс. Газеттің бір жылға жазылу құны - 100 манат (29 доллар). Көптеген жас кәсіпкерлер рұқсат алу құны қымбат деп отыр. 34 жастағы Бегдурды шағын сауда нүктесін ашу үшін патент алғысы келеді. "Менің мұншама ақшам болса, мен кәсіптің басқа түрін таңдаушы едім, автокөлік сатып алып, адам тасушы едім", - дейді ол.