Елімізде 2 мыңға жуық адам көлігіне қазақстандық нөмір алды

Елімізде 2 мыңға жуық адам көлігіне қазақстандық нөмір алды

Елімізде 2 мыңға жуық адам көлігіне қазақстандық нөмір алды
ашық дереккөзі

Шеттен әкелінген 1 990 көлік заңдастырылып, иелеріне жаңа техникалық құжат берілді деп хабарлады turkystan.kz.

Айта кетейік, 23 қаңтарда шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды. Содан бері 19 917 адамның өтініші алдын ала мақұлданды.

Көлікті тіркеу бойынша өтінішті е-gov.kz электрондық үкімет порталы, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге болады.

Ереже бойынша көлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек. Заңдастыру науқаны биыл 1 шілдеге дейін жалғасады.