Астанада Сирия жөніндегі келіссөздердің алғашқы күні аяқталды

Астанада Сирия жөніндегі келіссөздердің алғашқы күні аяқталды

Астанада Сирия жөніндегі келіссөздердің алғашқы күні аяқталды
ашық дереккөзі
Астанада Сирияда атысты доғару жөніндегі келіссөздердің алғашқы күні аяқталды. Оған сириялық үкімет өкілдері мен оппозиция қатысты, бірақ екеуінің тікелей келіссөздері әлі өткен жоқ.
Келіссөздердегі сириялық оппозиция өкілі Яхья аль-Аридидің мәлімдеуінше, оның тобы Астанада ресейлік және түрік делегацияларымен кездескен. Оған БҰҰ-ның Сирия жөніндегі ресми өкілі Стаффан де Мистура қатысқан. Ресей президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьевтің айтуынша, келіссөздер қызыл-кеңірдек тартысқа толы болды, бірақ үкімет өкілдері мен оппозиция делегациясы "қандайда бір қастандық әрекеттерге жол бермеді", деп хабарлады "Интерфакс". "Келіссөздердің алғашқы күні сәтті өтті деп есептейміз", - деп түйіндеді Лаврентьев. Жанжалдасушы тараптар атысты доғару шарттарын түрліше түсінеді. Сирия үкіметі делегациясының өкілі Башар әл-Джафаридің айтуынша, оппозиция топтарын "Ислам мемлекеті" немесе "Әл Қаида" секілді ұйымдармен байланысты топтардан бөлу керек. Оппозиция өкілі Мұхаммад Аллуштың мәлімдеуінше, атысты доғару туралы келісім саяси реттеудің басы ғана болуы тиіс, одан соң "президент Башар Асад пен басқару жүйесіндегі банда биліктен кетуі тиіс". Бұған қоса Аллуш Иран күштерін Сириядан кетуге шақырды. Астанадағы келіссөздерді Ресей, Иран және Түркия ұйымдастырды. Оған АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол мен БҰҰ-ның Сирия жөніндегі өкілі Стаффан де Мистура қатысып жатыр.