Екібастұзда 2029 жылға дейін ГРЭС-3 стансасы салынады

Екібастұзда 2029 жылға дейін ГРЭС-3 стансасы салынады

Екібастұзда 2029 жылға дейін ГРЭС-3 стансасы салынады
ашық дереккөзі

Екібастұзда келесі жылы № 1 энергия блогын пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews агенттігіне сілтеме жасап. «Самұрық - Энерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұдан бөлек, екі жаңа энергия блогын орнату арқылы Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту бойынша жұмыстар жалғасады. Екібастұз ГРЭС-3 құрылысы бойынша жобалау алдындағы іс-шаралар басталды. «Самұрық-Энерго» АҚ басшысы Серік Түйтебаевтың айтуынша, ел энергетикасындағы негізгі инфрақұрылымдық жобалар Екібастұз бен Алматы энергокешендерінде жүзеге асып жатыр. – Бірқатар жаңа нысандар қазірдің өзінде пайдалануға берілді, басқалары бойынша іске асыру мерзімі 2030 жылға дейін деп болжанып отыр, – дейді ол. Оның ішінде жаңа электр сүзгілерін орната отырып, ГРЭС-1-де №1 энергия блогын қалпына келтіру ісі бар. Жоба станцияның қуатын жобаланған 4000 МВт-ға дейін арттырады. Құрылыс-монтаждау жұмысын аяқтау және блокты пайдалануға беру 2023 жылдың желтоқсанына жоспарланды. №3 энергия блогын орнату арқылы Екібастұз ГРЭС-2 кеңейтіледі және реконструкцияланады. Жаңа энергия блогының құрылысы станцияның белгіленген қуатын 636 МВт-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді және жылына қосымша 4,8 млрд кВтсағ энергия өндіруді қамтамасыз етеді. Іске асыру мерзімі – 2026 жылға дейін. Ал №4 энергия блогын орнату станцияның белгіленген қуатын 636 МВт-ға ұлғайтуға және жылына қосымша 4,8 млрд кВтсағ өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Іске асыру мерзімі – 2027 жыл. №5 және № 6 энергия блоктарын орнату 2029-2030 жылдарға дейін аяқталады. Соңғы жоба - Екібастұз ГРЭС-3 стансасын салу. Бұл - қолда бар инфрақұрылымды пайдалана отырып және қоршаған ортаға ластаушы шығарындыларды азайту үшін жаңа технологияны қолдану арқылы параметрлері жоғары 1200 МВт жаңа станцияның жобасы. Іске асыру мерзімі – 2028-2029 жылдар.